Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атырау: Түрмеде қателесіп басқа сотталушыны босатып жіберген

Атырау облысында тергеу изоляторы қызметкерлері мерзімі аяқталған тұтқынның орнына басқа сотталушыны бостандыққа шығарып жіберген. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Атырау: Түрмеде қателесіп басқа сотталушыны босатып жіберген

Белгілі болғандай, қателік екі адамның тегі бірдей болуына байланысты орын алған. Бостандыққа шығару құжаттарын рәсімдеу кезінде абақты қызметкерлері деректерді шатастырып, басқа адамның мәліметтерін енгізген. Құжатқа изолятор басшыларының бірнешеуі қол қойғаннан кейін «сәті түскен» сотталушы қақпадан тысқары шыққан.

Қызметкерлер қателікті дер кезінде анықтап, ер адам қайтадан изоляторға қайтарылды.

— Оқиғаға байланысты изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдері келді, — делінген хабарламада.

ҚАЖД бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме беретінін мәлімдеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату