Статистика бойынша, нақты жалақы өсімінің тоқтауы 2015 жылдан бері алғаш рет орын алды. Әдетте бұл көрсеткіш жыл сайын артып отырған. Соңғы 7,5 жылда төмендеу тек екі рет тіркелген, соңғысы – 2023 жылдың I тоқсанында (-0,6%).
Ағымдағы жылы сәуір–маусым айларында нақты жалақы өсімі тоқтап, сегіз тоқсандық тұрақты өсім кезеңі үзілді. Айта кетерлігі, бұл аралықтағы өсім қарқыны да жоғары болмаған — орта есеппен +2,5%.
Сала бойынша алсақ, көрсеткішті ең қатты төмендеткен – құрылыс саласы: мұнда нақты жалақы бір жылда 10,8%-ға азайып, 490,2 мың теңгеге түсті. Сондай-ақ инфляцияны ескергенде жалақы тағы алты салада қысқарған, соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау салаларында – 3,1%-ға (тиісінше 373,8 мың және 339,6 мың теңге).