Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елімізде мал сүйегінен желатин өндіретін зауыт іске қосылмақ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ірі қара сүйегін өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Жобаға Қытайдың Tangshan Huating Ceramics Co., LTD компаниясы қаржы құйып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елімізде мал сүйегінен желатин өндіретін зауыт іске қосылмақ
Фото: ашық дереккөз

Жалпы инвестиция көлемі – 9 млрд теңге. Кәсіпорын 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Зауытта желатин және пептон қоспалары өндіріледі. Жылдық қуаты – 5 мың тонна.

Әкімдік мәліметінше, бұл – Қазақстанда баламасы жоқ өндіріс орны болмақ.

– Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы дамыған аймақ, республикада бұл сала бойынша алдыңғы орындамыз. Алайда терең өңдеу бағыты бойынша әлі де көп жұмыс атқару керек. Әсіресе, мал шаруашылығы қалдықтарын тиімді өңдеу мәселесі өзекті. Бүгін іргетасы қаланған зауыт осы мәселені шешуге арналған, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров салтанатты рәсімде.

Кәсіпорын 10 гектар аумақта бой көтереді. Толық қуатына шыққанда 100 адамды жұмыспен қамтымақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату