Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының дерегінше, Ыстамбұлдағы дүмпулердің магнитудасы 5,9-ға жеткен. Ең қатты сілкініс қаланың батысында сезілді, онда дүмпудің ұзақтығы шамамен 20–30 секунд болды.
Алайда ең күшті жер сілкінісі Түркияның Сындыргы қаласында тіркелді. Бұл туралы Habertürk телеарнасына аталған қаланың мэрі Серкан Сак хабарлады. Оның айтуынша, мұнда жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,1 болған.
Қала басшысы Сындыргыда кем дегенде он ғимараттың қирағанын, тағы бірнеше үйдің зақымданғанын нақтылады. Одан кейін түрік БАҚ-тары көршілес бірнеше провинцияда да жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Түркия ІІМ-нің дерегінше, Балыкесир қаласында 16 ғимарат қираған, бірақ олардың тек төртеуінде ғана адамдар тұрақты тұрған. Құтқарушылар үйінді астынан төрт адамды тірідей алып шыққан, алайда олардың бірі — 81 жастағы ер адам кейін көз жұмған.