Перизат Қайрат босап шыға ма? Адвокаты апелляция берді
Миллиардтаған қаржыны жымқырды деп сотталған «қайырымды» Перизат Қайрат пен оның анасы Ғани Алашбаеваның адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.
— Апелляциялық шағымда үкімнің күшін жойып, айыпталушыларды олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты ақтауды сұраймын, — деді Асланбек Дәулетияров.
Айта кетейік, Перизат он жылға бас бостандығынан айырылды, ал анасы жеті жылға сотталды.