Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды: адамдар үйінді астында қалды

Түркияның Балыкесир уәлаятына қарасты Сындыргы ауданында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі тіркелді. Ошағы 11 шақырым тереңдікте болған. 10-нан астам үй қирады. Дүмпулер Стамбул мен өзге де түрік қалаларында сезілді.

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды: адамдар үйінді астында қалды
• Фото: Milliyet

Жер сілкінісі кезінде адамдар жан-жаққа тығылды. Бір бойжеткеннің үстел астына кіріп кеткен сәті әлеуметтік желілерде тарады.

Milliyet басылымының хабарлауынша, магнитудасы 3,0-ден жоғары жеті қайталама дүмпу болған.

Балыкесирде қираған ғимараттар астынан бес адам құтқарылды. Тағы бір адамды шығару жұмыстары жалғасуда.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған зардап шеккендерге көңіл айтып, алғашқы минуттардан бастап оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату