Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматы облысының мектептерінде «Құқықтық мәдениет» сабағы енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысындағы мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениетке арналған қосымша сабақтар өтеді. Жоба «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Алматы облысының мектептерінде «Құқықтық мәдениет» сабағы енгізіледі
Фото: shyndyk

Пилоттық кезең Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжде басталады. Бағдарламаның мақсаты – оқушылар мен студенттердің құқықтық сауатын арттырып, құқық бұзушылықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Сабақтарды прокуратура мен полицияның ардагер мамандары өткізеді. Олар арнайы дайындықтан өтеді, оқу 7–8 тамызда басталады.

7–10 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін жыл бойына екі аптада бір рет өткізілетін 36 сабақ жоспарланған. Оқыту барысында бастапқы және қорытынды диагностика жүргізіліп, оқушылардың тәртібі бақылауда болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату