weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Контрацептивке қолжетімділік артады: министрлік ұсынысы қандай?

Министрлік әкімдіктерді әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз етуге қаржы бөлуге шақырып отыр.

Контрацептивке қолжетімділік артады: министрлік ұсынысы қандай?
Фото: BBS

Қазақстанда әлеуметтік осал топтағы бала туу жасындағы әйелдерді контрацептивтік құралдармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әйелдер мен балалар денсаулығына қолдау көрсету үшін жергілікті бюджеттерден қаржы бөлудің маңызын атап өтті.

Министрдің айтуынша, аймақтар ана мен бала денсаулығын қорғауға қатысты нақты міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс. Соның ішінде – әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету, жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға тасымалдау, сондай-ақ медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бар.

– Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардан ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға – кадрларды толықтыру мен біліктілігін арттыруға, медициналық мекемелердің техникалық жабдықталуын жақсартуға, жүкті әйелдер мен балаларды тасымалдайтын көлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ осал топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтуға жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастыруды сұраймыз, – деді министр.