Бұрын 10 кВ-тық желілерді жөндеу үшін жарықты 5–6 сағатқа сөндіріп, тұтынушыларға үш күн бұрын ескерту қажет болатын. Енді бұл жұмыс тұрғындарға еш қолайсыздық тудырмай атқарылады.
Жаңа технологияның артықшылығын алғаш болып Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылының тұрғындары байқады. Электромонтерлер электр сымдарын уақытша басқа жаққа ауыстырып, бағанадағы металл траверсаны ауыстырды. Бұл жұмыстардың бәрі жарықты өшірмей орындалды.
2024 жылдың қыркүйегінен бері Павлодар РЭК мамандары кернеуі 0,4 кВ болатын желілерде тоқпен жұмыс істеуді тұрақты жүргізіп келеді. Енді бұл әдіс 10 кВ желілерге де қолданыла бастады.