Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 тамыз, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Түркияда ұшақ қонғаннан кейін орнынан ерте тұратындарға айыппұл салына бастады

Түркияда ұшақ қонғаннан кейін орнынан ерте тұратындарға айыппұл салына бастады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркияда ұшақ қонғаннан кейін орнынан ерте тұратындарға айыппұл салына бастады

Нақтылай кетсек, ұшақ қонғаннан кейін орындарынан тұрып, бортсеріктердің өтініштеріне құлақ аспаған жолаушыларға полиция шақырылған. Оқиға Pegasus Airlines компаниясының София – Стамбул бағыты бойынша ұшқан PC272 рейсінде болған.

Басылымның хабарлауынша, ұшақ жерге қонған сәтте кейбір жолаушылар орнынан тұрып, қол жүгін ала бастаған. Бортсеріктердің орындарында отыру жөніндегі өтініштеріне олар жауап бермеген. Соңында экипаж полиция шақыруға шешім қабылдаған. Жолаушыларға қатысты санкциялар қолданылған.

Еске сала кетсек, мамыр айының басында Түркияның Азаматтық авиация бас басқармасы (SHGM) әуе компанияларына арнайы циркуляр жіберген болатын. Құжатқа сәйкес, ұшақ толық тоқтап, «Белдікті тағыңыз» белгісі сөнгенге дейін орындарынан тұратындар дебоширлермен теңестіріліп, тиісті шаралар қолданылады.

Бұдан бөлек, бортсеріктердің нұсқауларын елемеу және экипаж рұқсат етпей тұрып сөрелерді ашу да ереже бұзушылыққа жатқызылады.

Әуе компаниясының ішкі нұсқауына сәйкес, бортсеріктер қонғаннан кейін қосымша хабарландыру жасауға міндеттелген. Экипаж жолаушыларға ережелерді жұмсақ, бірақ қатаң түрде ескертіп, бұзушылық болған жағдайда оқиғаны тіркеп, кейінгі тексеруге жолдауы тиіс.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату