Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

KMF банкке айналады: клиенттерге жаңа қызметтер ұсынылады

KMF микроқаржы ұйымы тамыз айында банк ретінде жұмысын бастауға дайындалып жатыр. Бұл туралы компания ресми түрде хабарлады. Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі KMF-ке банкке айналуға рұқсат берген болатын.

KMF банкке айналады: клиенттерге жаңа қызметтер ұсынылады
Фото: Forbes.kz

Осыған байланысты 30 шілде сағат 15:00-ден бастап 3 тамызға дейін ұйым техникалық жұмыстар жүргізіп, барлық операцияларды уақытша тоқтатты. Атап айтқанда:

  • микронесиелерді өтеу (бөлімшелерде, терминалдарда, мобильді қосымшада және серіктестер арқылы);
  • жаңа микронесиелер беру;

несиені қайта құрылымдау, анықтама мен басқа да құжаттарды рәсімдеу қызметтері қолжетімсіз болады.

KMF бұл уақыт аралығына сәйкес келетін төлемдер 4–8 тамыз аралығында қосымша комиссиясыз, өсімпұлсыз және айыппұлсыз қабылданатынын мәлімдеді.

«Барлық өзгерістер клиенттерге ыңғайлы болу үшін жасалуда. Жақын күндері банк ретінде жаңа қызметтер ұсынатын боламыз. Ресми ашылу туралы қосымша хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату