Жүлде жолындағы шешуші кездесуде отандастарымыз Франция құрамасымен сынға түсті. Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов бастаған төрттік қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 45:31 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Семсер қаруымен айқасудан командалық жарыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов қорғады.
Бұл – семсерлесуден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы командалық медалі.