Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бордақылау алаңдарына жеңіл несие: жаңа бағдарлама іске қосылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық несие корпорациясымен және ҚР Үкіметінің қолдауымен бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бордақылау алаңдарына жеңіл несие: жаңа бағдарлама іске қосылды

2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд. теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау.

Қаржыландыру шарттары:

• Қарыз мерзімі – 12 айға дейін;

• Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.

Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады.

Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу.

Айта кетейік, 2025 жылғы 28 шілдеде Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бойынша жаңа бағдарламаны таныстырды.

Кеңес алу және қаржыландыруға өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе 5353 call-орталығы нөмірі арқылы алуға болады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату