Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 14 тамызда өтетін ForteBank акционерлерінің кезектен тыс жиналысында күн тәртібіне Home Credit Bank-ті қосу туралы шарт жобасын мақұлдау мәселесі енгізілген.
2025 жылғы 27 маусымда ForteBank пен Home Credit Bank-ке иелік ететін PPF Financial Holdings компаниясы арасында сатып алу-сату келісімі жасалған. Соған сәйкес ForteBank Home Credit Bank-тің дауыс беретін және орналастырылған 34 890 акциясын – яғни 100 пайыз үлесін – иеленеді. Осы мәміледен кейін банктер ерікті түрде қайта ұйымдастырылып, Home Credit Bank ForteBank құрамына біріктіріледі.
Қайта құру нәтижесінде клиенттер мен серіктестерге қызмет көрсету бір жүйеге біріктіріледі деп күтілуде.