Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50 %-ға дейін өседі

2025 жылы елімізде 25 мыңнан астам қызметкердің еңбекақысы өседі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50 %-ға дейін өседі

Оның айтуынша, жалақыны өсіруге табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген өзгерістер себеп болып отыр. Аталған түзетулер су шаруашылығы саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға бағытталған.

«Осы өзгерістердің нәтижесінде биыл 1 шілдеден бастап "Қазсушар" кәсіпорнының қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Жалпы алғанда, бұл ел бойынша су беру және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам адамның жалақысына әсер етеді. Жалақы өсімі өңірлерге байланысты шамамен 35-50 пайыз аралығында болады. Бұл көрсеткіш су саласы мамандарының табысын жылу және электр энергетикасы саласының деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Ләззат Жүсіпова.

Оның сөзінше, бұл шара су саласындағы кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды көбірек тартуға жол ашады.

Айта кетейік, табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату