Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Субсидия алған фермер енді есеп беруге міндетті

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қатысты заңнама күшейтілді. Енді мемлекеттен қаржылай қолдау алған шаруалар мен ауылшаруашылық компаниялары ол қаражаттың тиімді жұмсалғанын дәлелдеуі тиіс. Бұл талап 2025 жылғы 12 маусымда қабылданған заңмен ресми түрде бекітілді.

Субсидия алған фермер енді есеп беруге міндетті
Фото: depositphotos

Жаңа талаптар не үшін енгізілді?
Жоғары аудиторлық палата 2023 жылдың соңында ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиялар бойынша аудит жүргізіп, үкіметке нақты ұсыныстар жасаған болатын. Аудит қорытындысы көрсеткендей, кейбір жағдайда мемлекет бөлген қаражат нақты нәтиже бермей отырған. Осыдан кейін заңнамаға "қарсы міндеттеме" ұғымы енгізілді.

 "Қарсы міндеттеме" дегеніміз не?
Мемлекеттік қолдау алған агроқұрылым енді өнім көлемін арттыруы, жаңа жұмыс орындарын ашуы немесе ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін көбейтуі керек. Яғни, мемлекет берген қаржы босқа кетпеуі тиіс – нақты нәтиже талап етіледі.

 Бұл неліктен маңызды?
Мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне қоғам тарапынан сұраныс жоғары. Сондықтан бұл заң өзгерістері ауыл шаруашылығы саласындағы ашықтықты арттырып, жауапкершілік жүгін күшейтеді. Енді тек ақша алып кету емес, нақты жұмыс пен көрсеткіш маңызды.

 Жоғары аудиторлық палата өзге де ұсыныстары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жалғастырып жатыр.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату