Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Батыста тәртіп бұзушылық көп пе? Айыппұл бойынша Маңғыстау көш бастады

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан өңірлерінің жергілікті бюджетіне айыппұл, өсімпұл, санкция және өндіріп алулар түрінде 128,1 млрд теңге түскен. Бұл қаржының басым бөлігі әкімшілік айыппұлдар арқылы ішкі істер органдары мен сот орындаушылары тарапынан жиналған.

Батыста тәртіп бұзушылық көп пе? Айыппұл бойынша Маңғыстау көш бастады
Фото: ашық дереккөз

EconomyKZ телеграм-арнасы 2025 жылдың басындағы халық санына сүйене отырып, әр өңірдегі айыппұл көлемін адам басына шақтап, арнайы рейтинг жасаған.

Ең көп айыппұл түскен өңірлер:

Маңғыстау облысы – 35,1 млрд теңге

Алматы қаласы – 24,8 млрд теңге

Астана қаласы – 11,4 млрд теңге

Жан басына шаққанда айыппұл көлемі (мың теңге):

ӨңірАйыппұл (мың тг)

Маңғыстау облысы 43,66

Алматы қаласы 10,8

Атырау облысы 9,68

Астана қаласы 7,44

Шымкент 4,5

Батыс Қазақстан облысы 4,2

Ақмола облысы 3,97

Жамбыл облысы 3,73

Түркістан облысы 3,63

Жетісу облысы 3,47

Алматы облысы 3,45

Ұлытау облысы 3,32

Абай облысы 3,21

Қарағанды облысы 3,12

Ақтөбе облысы 2,83

Солтүстік Қазақстан обл. 2,72

Қызылорда облысы 2,71

Шығыс Қазақстан облысы 2,43

Павлодар облысы 2,41

Қостанай облысы 2,29

Қорытынды:

Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы айыппұл көлемі бойынша ел бойынша бірінші орында тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Қостанай облысында тіркелген. Бұл деректер өңірлердегі құқықбұзушылық деңгейінің, сондай-ақ тәртіп сақшылары жұмысының белсенділігінің көрсеткіші болуы мүмкін.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату