Жас пациент ұзақ уақыт бойы бас айналу мен есінен танып қалу белгілеріне шағымданып келген.
Ота аритмология бөлімінің меңгерушісі Артур Абдымомуновтың жетекшілігімен өтті. Оның айтуынша, бұған дейін мұндай диагноз қойылған адамдарға жүрекке тұрақты кардиостимулятор орнатылатын. Бұл әсіресе жастар үшін өмір сапасына елеулі шектеу әкелетін.
– Қазір медицинаның дамуының арқасында біз жүрек ырғағына әсер ететін жүйке жүйесінің шамадан тыс белсенді учаскелеріне нүктелі әсер етіп, ақауды имплантсыз-ақ жоя аламыз. Пациенттің жүрегі анатомиялық тұрғыдан сау, алайда вегетативті жүйке жүйесінің ретсіз жұмысы ырғағын бұзып отырған, – дейді дәрігер.
Бұл әдіс Алматыдағы кардиоорталықта алғаш рет қолданылып отыр. Отадан кейін пациенттің жағдайы тұрақты.