Басылымның мәліметінше, жақын маңдағы елді мекендерден 1,7 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған. Өртті сөндіруге 1,9 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өткен сенбіде, 26 шілдеде республикада 84 өрт оқиғасы тіркелді. Батыстағы Измир мен Билежик провинциялары апат аймағы деп жарияланды.
Жағдайды төтенше табиғи жағдайлар: құрғақшылық, қатты жел және қалыпты емес жылу айтарлықтай қиындатады. 25 шілдеде оңтүстік-шығыс Сирнак провинциясында ауа температурасы рекордтық +50,5°С-қа жетті. Шілдедегі ауа температурасы 132 елді мекенде рекордты жаңартты.
Түркияның прокуратурасы 97 күдіктімен 33 провинцияда өрт қою мүмкіндігін тергеп жатыр.