Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 15:29 / Перизат Ілес / Әлем

Жапония 40-шы рет әйелдердің өмір сүру ұзақтығынан ең жоғары ел

Жапония қатарынан 40-шы рет әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ең жоғары мемлекет атанды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жапония 40-шы рет әйелдердің өмір сүру ұзақтығынан ең жоғары ел

Елдің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2024 жылы жапон әйелдерінің өмір сүруінің күтілетін орташа ұзақтығы 87,13 жас болды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 0,01 жылға төмендеген.

Мәлімделгендей, коронавирусқа байланысты өлім-жітімнің артуы салдарынан өмір сүру ұзақтығы қысқара бастады.

Министрлік сондай-ақ инфарктіні қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім азайғанын хабарлады. Ал табиғи себептермен болған өлім саны өткен жылмен салыстырғанда артқан.

Ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы өзгеріссіз қалып, 81,09 жылды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Жапония алтыншы орында. Жапон ерлерінен ұзақ өмір сүретіндер — Швеция, Швейцария және Норвегия азаматтары.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату