Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ішегі тесіліп кеткен: Костанай тұрғыны пластикалық отадан кейін жансақтау бөліміне түсті

Костанай тұрғыны жеке клиникада жасатқан пластикалық отадан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер ішекке зақым келтірген — науқасқа "перитонит" диагнозы қойылып, жансақтау бөліміне түсті.

Ішегі тесіліп кеткен: Костанай тұрғыны пластикалық отадан кейін жансақтау бөліміне түсті
Фото: ашық дереккөз

33 жастағы әйел липосакциядан кейін үшінші күні жедел жәрдемді өзі шақырған. Ота кезінде ішек тесіліп кеткен. Ауруханаға түскен соң, жағдайының ауырлығына байланысты дәрігерлер телемедицина арқылы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының (Сызғанов атындағы) мамандарынан кеңес алуға мәжбүр болған.

Қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылып, өзі дем алып жатыр. Толық есінде, бірақ сөйлеуге мүмкіндігі жоқ — тыныс алу үшін трахеостомиялық түтік орнатылған. Дәрігерлердің айтуынша, бұл түтік толық қалпына келген соң алынады.

Асқыну соншалықты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ішектің бір бөлігін сыртқа шығарып, уақытша стома орнатуға мәжбүр болған. Әйелді ұзақ оңалту кезеңі мен бірнеше күрделі операция күтіп тұр.

Оқиға туралы ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданған. Ведомство бұл істі фармбақылау органына жібермек. Қазіргі таңда зардап шеккен әйелдің туыстары полицияға арыз түсірмеген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату