Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Маңғыстауда мектеп шатыры опырылып түсті

Маңғыстау облысы Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залында шатыр опырылып түскен. Мектептегі шатыр 23 шілде күні таңғы сағат 6:30 шамасында құлаған. Абырой болғанда, мектепте ешкім болмаған.

Маңғыстауда мектеп шатыры опырылып түсті

 Қылмыстық іс қозғалды. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы 2-бөлігі – ғимараттарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына техникалық тексеру және сараптама жүргізу үшін мамандар жіберілген. Әкімдік мәліметінше, мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынған.

Жөндеу жұмыстарына қатысты нақты шешімдер мен ақпарат кейінірек ресми түрде жарияланады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату