Руслан Кенжебеков – Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының тумасы.
Мемлекеттік қызметте 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Абай ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Қарағанды облысының Әділет департаментінде түрлі қызметтер атқарды. Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияны, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі облыстық департаментті басқарған. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде кеңесші болған.
2023–2024 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі қызметін атқарды. Одан кейін ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін «ORKENDEU» бизнес пен инфрақұрылымды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетін басқарды.