Такси жүргізушісінің сөзінше, жолаушы кенет артқы орындықтан алдыңғы жаққа өтіп, қауіпсіздік белдігінен ұстап, оны қылқындыра бастаған. Бұл әрекетін боқтық сөздер мен қорқытумен қатар жүргізген. Жүргізуші өміріне қауіп төніп тұрған сәтте бір қолымен белдікті тартып ұстап, екінші қолымен көлікті жүргізе берген.
Көмек сұрап, назар аударту үшін қарсы бағыттағы жолаққа шығып, Chevrolet Cobalt көлігін әдейі тоқтатуға тырысқан. Сол көліктің жүргізушісі көмектесіп, таксисті қауіпті жағдайдан құтқарып қалған. Оқиғаның бәрі видеотіркегішке жазылып қалған. Полиция таксистке арыз түсіруге кеңес берген.