weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда 11-қабаттан құлаған жалаңаш ер адам көз жұмды

20 шілде күні таңертең сағат 11 шамасында Ақтауда қайғылы жағдай тіркелді — көпқабатты үйдің 11-қабатынан ер адам құлап, оқиға орнында жан тапсырды.

Ақтауда 11-қабаттан құлаған жалаңаш ер адам көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, ер адам үйдің үстінде киімсіз жүрген. Оны алғаш болып көршілері байқап, дереу полиция мен құтқарушыларды шақырған.

Құтқарушылар арнайы кран көмегімен оны түсіруге тырысқанымен, үлгере алмады — ер адам өздігінен секіріп кеткен. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу») бойынша іс қозғалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→