Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматы әуежайында кіріп-шығу уақытша шектеледі

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 шілдеден бастап «Ақсұнқар» қонақүйі маңында кіреберіс аймағын кеңейтуге бағытталған жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеліп, Ахметов көшесі жағынан кіріп-шығу жабылады.

Алматы әуежайында кіріп-шығу уақытша шектеледі
Фото: ашық дереккөз

«Жоба аясында қосымша кіреберіс жолағы салынып, жол жабыны жаңартылады. Бұл өзгерістер ұшуға шығатын жолаушыларды түсіру процесін жеңілдетіп, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», — деп хабарлады әуежай өкілдері.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату