Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Исраил Сапарбай өмірден өтті

Қазақстанның халық жазушысы, танымал драматург және сазгер Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл жайлы ақпаратты Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында бөлісті.

Исраил Сапарбай өмірден өтті

Бүгін таңғы сағат төрттің шамасында суық хабар жетті. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері, ұлт ақыны Исраил ағамыз Қаскелеңдегі шаңырағында, отбасы жанында ауыр дерттен көз жұмды. Қаралы хабарды маған ақынның ұлы Нұрлан жеткізді, – деп жазды Бегманов.

Исраил Сапарбай – қазақ лирикасының шоқтығы биік өкілдерінің бірі. Ол артына терең мағыналы өлеңдер, сахнаға арналған пьесалар мен ел сүйіп тыңдайтын сазды әндер қалдырды. Марқұмның әдеби мұрасы халық жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату