weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пойызда мас жолаушы терезені сындырып, тағы бірі полицияға қарсы шыққан

Маңғыстау – Алматы бағытындағы пойызда екі бірдей мас жолаушы құқық бұзды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.

Пойызда мас жолаушы терезені сындырып, тағы бірі полицияға қарсы шыққан
Фото: іім

Оқиға вагон-мейрамханада болған. Кызылорда облысының 41 жастағы тұрғыны мас күйінде сыра құйылған бокалды вагон терезесіне лақтырып, әйнекті сындырған. Бұған себеп — қалаған сусынын ала алмағаны. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы пойыздан тағы бір мас азамат – Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғыны түсірілді.Полиция бөліміне жеткізу кезінде ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған. Анықталғандай, ол бұған дейін де осындай құқық бұзушылықпен ұсталған.

Бұл жолы азамат бірден екі бап бойынша жауапқа тартылды:
– қоғамдық орында мас күйде жүруі және алкоголь ішуі,
– полицияға бағынбауы.

Сот шешімімен ол 4 тәулікке қамалды.

Көліктегі полицияның дерегінше, 2025 жылдың басынан бері пойыздардан 388 жолаушы түсірілген, олардың 359-ы — мас күйде жүргені үшін, 13 адам — ұсақ бұзақылық үшін, қалғаны — өзге заңбұзушылықтармен ұсталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→