weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Финтех қауымдастығы нені жасырып отыр? Ашық айтылмаған сұрақтар мен бұлыңғыр жауаптар

Астанада бүгін Қаржылық технологиялар және инновациялар қауымдастығы ұйымдастырған баспасөз жиыны өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы — біріңғай есеп жүйесін енгізу, яғни елдегі құмар ойын бизнесіндегі ашықтықты арттыруды көздейтін мемлекеттік бастама.

Финтех қауымдастығы нені жасырып отыр? Ашық айтылмаған сұрақтар мен бұлыңғыр жауаптар

Жиында қауымдастық төрайымы Ирина Давиденко, оның орынбасары Юлия Салехова және заң бөлімінің директоры Ерлан Кистафин сөз сөйледі.

Алайда нақты мәліметтер мен жүйені түсіндірудің орнына, бірқатар пікірлер жүйенің қажеттілігіне күмәнкелтіріп, шынайы ашықтыққа қатысты сұрақтар жауапсыз қалды. Мәселен, төлем жүйелерінің иелері кім, олар құмар ойындармен байланысты ма, неге мұндай жүйелерге қарсылық бар — осы және өзге де маңызды сұрақтарға қатысушылар нақты жауап бермеді.

Қауымдастық өкілдерінің азаматтығы туралы сұраққа да тұспалдап жауап қайтарылды: бір өкілдің шетелдік екені ғана айтылды.

Құмар ойынға тәуелділіктің әлеуметтік зардаптары туралы сұрақтар да салмақты жауапсыз қалды. Кейбір қатысушылар мұны "букмекерлердің емес, өзге тараптардың мәселесі" деп қысқа қайырды.

БАҚ өкілдерінің кейбірі жиындағы жалтарма жауаптар мен шынайы пікірталастың болмауына наразы болды. Кейбір медиаға коммерциялық жолмен ықпал ету мүмкіндігі туралы да сұрақтар қойылды. Бірақ ол да не расталмады, не теріске шығарылмады.

Ақыр соңында, баспасөз конференциясы жалпылама пікірлермен аяқталды. Ал финтех қауымдастығы кімнің атынан сөйлеп, нақты кімнің мүддесін қорғап отырғаны — белгісіз күйінде қалды. Жоғары қоғамдық маңызға ие бұл тақырып тағы да күн тәртібіне шығуы әбден мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→