Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда тәтті сусындарға қосымша салық салынуы мүмкін

Елімізде құрамында қант мөлшері көп сусындарға акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл тізімге газдалған сусындар, энергетиктер және басқа да тәтті өнімдер кіреді. Егер заң қабылданса, мұндай тауарлардың бағасы біршама қымбаттауы мүмкін.

Қазақстанда тәтті сусындарға қосымша салық салынуы мүмкін
Фото: информбюро

Кәсіпкерлер бұл бастамаға қарсы — олар акциз енгізілсе, сұраныс күрт төмендеп, нарыққа кері әсер етеді деп алаңдаулы.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамды қолдап отыр. Ведомствоның айтуынша, елде семіздік дерті әсіресе балалар арасында тез өршіп келеді, ал қантты тұтыну деңгейі шекті мөлшерден асып кеткен.

Бұған қоса, қолданыстағы Салық кодексінде "тәтті сусын" ұғымының нақты анықтамасы да жоқ, сол себепті жаңа анықтама әзірлеу көзделіп отыр.

Заң жобасын 2026 жылға дейін қабылдау жоспарланған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату