– Ертеңнен бастап алаяқтардың қоңырауы мүлде тоқтайды деп нақты айта алмаймын. Бірақ бүгінге дейін 67 миллион алаяқтық қоңырауға тосқауыл қойылды, – деді Бектенов.
Ол жеке мәліметтердің таралуына қатысты тергеу жүріп жатқанын да атап өтті.
– Бұл деректер 2022 жылғы. Ақпарат сол кезде таралған. Бұл – ешкімге абырой әпермейді, Үкіметке де. Алдын ала дерек бойынша, мәліметтер негізінен медициналық мекемелерден таралған. Олар мемлекеттік дерекқорларға қол жеткізеді, бірақ оны қорғауға мән бермейді. Бұл үшін жауапкершілік бар. Біз заңнамалық та, жедел түрде де шара қолданамыз. Әзірге ешкім жауапқа тартылған жоқ. Тергеу аяқталғанда, кім кінәлі болса, заң алдында жауап береді, – деді премьер-министр.