weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда 9 жасар баланың үстіне электромотоцикл құлап, ауруханаға түсті

Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 9 жасар баланың үстіне электромотоцикл құлап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Атырауда 9 жасар баланың үстіне электромотоцикл құлап, ауруханаға түсті
Фото: ҚазАқпарат

Оқиға 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында болған. 2016 жылы туған бала бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Электромотоцикл иесі — 1985 жылғы ер адам. Полицияның мәліметінше, оқиғаға байланысты ол медициналық тексеруден өтіп, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (қоғамдық орында мас күйде жүру немесе алкоголь ішу) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→