Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ҰБТ аяқталды — 700-ден астам түлек тестілеуден шеттетілді

Қазақстанда биылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі аяқталды. Бұл сынаққа 210 мыңға жуық талапкер қатысуға мүмкіндік алды.

ҰБТ аяқталды — 700-ден астам түлек тестілеуден шеттетілді
Фото: өзгеріс

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеуге қатысқандардың 76 пайызы шекті балды еңсерген. Ең жоғары нәтиже — 140 балл. Шілде айындағы ҰБТ-ның орташа балы — 69.

Тестілеу ережесін бұзғаны үшін 711 талапкердің нәтижесі жойылды.

  •  Телефон мен шпаргалка алып өтпек болған 326 адам тестке жіберілмеді;
  • Ережені сақтамаған 380 талапкер тестілеу кезінде аудиториядан шығарылды;
  •  Бейнебақылау жазбаларын қайта қарап, 5 адамның сертификаты жарамсыз деп танылды.

Айта кетейік, 13 шілдеден бастап елімізде білім гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды. Құжат тапсыру тәртібі туралы біз осы жерден жазған едік.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату