Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркия астанасында 26 қабатты ғимарат өртенді: қаза тапқандар бар

Түркия астанасы Анкарада көпқабатты үйде өрт шығып, үш адам, оның ішінде үш айлық сәби қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркия астанасында 26 қабатты ғимарат өртенді: қаза тапқандар бар

TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, өрт сөндірушілер төрт сағат бойы өртпен күрескен.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде 3,5 айлық нәресте. Өрт бригадалар төрт сағатқа жуық жұмыс істегеннен кейін ауыздықталды", - деп хабарлады телеарна.

Айта кетелік, өрт салдарынан 39 адам зардап шекті, оның ішінде жетеуі өрт сөндіруші.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату