Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Обама мен Ларри Дэвид АҚШ туралы комедия түсіріп жатыр

Барак пен Мишель Обама, Ларри Дэвидпен бірге, АҚШ тарихы туралы комедиялық сериал түсіреді.

Бұл жоба АҚШ-тың 250 жылдығына орай әзірленіп жатыр.

Обама мен Ларри Дэвид АҚШ туралы комедия түсіріп жатыр
Фото: коммерсант

Обама жұбы мен «Сайнфелд» сериалының авторы Ларри Дэвид HBO арнасына арналған комедияның атқарушы продюсерлері болады.

«Мен өмірімде түрлі қиын халықаралық мәселелерді шешіп, дүние жүзінің күрделі көшбасшыларымен үстел басында отырған адаммын. Бірақ Ларри Дэвидпен жұмыс істеуге ештеңе мені дайындай алмапты», — деп әзілдеді Барак Обама.

Сценарийді Ларри Дэвид өзі жазып, оған «Ұмытылмас әзіл» (Curb Your Enthusiasm) сериалымен танымал Джефф Шаффер қосалқы автор болды.

Deadline порталының дерегінше, жаңа жобада сол сериалдағы кейбір актерлер де ойнайды. Сонымен қатар, жобаға «назар аударарлық» жұлдыздар арнайы шақырылады.

Айта кетейік, Обаманың Higher Ground компаниясы үшін бұл HBO арнасымен алғашқы бірлескен жоба болмақ. Бұған дейін олар тек Netflix-пен жұмыс істеп келген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату