Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жалған баға, жалған тендер: Қызылордада ауруханасындағы жемқорлық фактісі сотқа жетті

Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Іс бойынша аурухананың бас есепшісі мен оның жұбайы күдікке ілінді.

Жалған баға, жалған тендер: Қызылордада ауруханасындағы жемқорлық фактісі сотқа жетті
Фото: komoromat1

Тергеу мәліметінше, бас есепші медициналық кереуеттердің құнын үш есе асырып көрсетіп, мемлекет қаржысын жымқырған. Бұл үшін ол жолдасы дайындаған жалған баға ұсыныстарын пайдаланған.

Нәтижесінде, 259 млн теңгеге 220 кереует сатып алу туралы келісім жасалған. Құжаттарда әр кереуеттің бағасы 1,2 млн теңге деп көрсетілген. Алайда, нақты нарықтық бағасы 460 мың теңгеден аспаған. Осылайша, артық көрсетілген сома 129 млн теңгені құраған.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге залал толығымен өтелді.

Қазір бас есепші екі айға қамауға алынып, іс сотқа жолданды.

Қызылорда облысындағы инфекциялық ауруханалрдың бірінде кереуеттің ыңғайсыздығынан сәбилер жиі  құлайтыны туралы жазылған репортажды оқи отырыңыз.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату