Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістанда нашақорлықтың алдын алу бағытында рейдтік іс-шара өтті

Түркістан қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу және есірткі жарнамасына қарсы күрес мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі мен қала прокуратурасының ұйымдастыруымен ауқымды рейдтік іс-шара өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркістанда нашақорлықтың алдын алу бағытында рейдтік іс-шара өтті

Іс-шара барысында қала аумағында нашақорлықты насихаттайтын жарнамалар мен граффити жазбаларды анықтап, жою жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта қала үш негізгі аумаққа бөлініп, әрбір секторға арнайы жұмыс топтары бекітілді.

Рейдтік шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы орган мамандары, ерікті жастар мен қоғамдық ұйым мүшелері тартылды. Арнайы топтар тарапынан анықталған заңсыз жазбалар бойынша тиісті деректер тіркеліп, құзырлы органдарға жолданды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара — қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алу және жастарды салауатты өмір салтына баулу бағытындағы маңызды қадам.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — баршамызға ортақ міндет.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату