Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астана мен Бурабай арасында жаңа «Burabay Express» электрпойызы іске қосылды

Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы "Жолаушылар тасымалы" АҚ елорда мен елдің ең танымал курорттарының бірі – Бурабайды байланыстыратын "Burabay Express" атты жаңа электрпойызды жолға шығарды. Жаңа буын пойызы — отандық зауытта (Петропавл қаласында) құрастырылған, барлық халықаралық стандарттарға сай келеді және жолаушыларға жоғары жайлылық ұсынады.

Астана мен Бурабай арасында жаңа «Burabay Express» электрпойызы іске қосылды
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Жаңа деңгейдегі сапар

"Burabay Express" заманауи цифрлық шешімдермен жабдықталған. Алдағы уақытта пойызда жоғары жылдамдықты интернет пен борттық тамақтану қызметі қолжетімді болады. Жолаушылар жолақысын және тағамға төлемді онлайн немесе банк картасымен жүргізе алады.

Электрпойыз Астанадан таңғы 11:00-де аттанып, Бурабайға 13:35-те жетеді. Қайтар жолда Бурабай курортынан 14:15-те шықса, елордаға 17:00-де келеді. Сапар уақыты — небәрі 2,5 сағат. Пойыз аптасына бес рет жүреді. Билеттерді сапар басталғанға дейін 45 күн бұрын сатып алуға болады.

Бағалар:

1-ші класс – 5 805 теңге

2-ші класс – 3 586 теңге

3-ші класс – 2 962 теңге

Жайлылық пен инклюзияны қатар ұсынатын вагондар

6 вагоннан тұратын пойызда 374 орын қарастырылған. Әр вагонда ауаны баптау жүйесі, автоматты аяқ тіректері және төмен платформаларға лайықталған есіктер бар.

🔹 1-ші класс:
Жеке үстелі бар кең орындықтар, USB зарядтау порттары, Wi-Fi мультимедиа жүйесі, мониторлар, бейнебақылау, жоғары жайлылық пен борттық тамақтану ұсынылады.

🔹 2-ші класс:
Қолжетімді баға мен жоғары сервис үйлескен. Wi-Fi, бақылау жүйесі, смартфон зарядтағыштары, сусындар мен тағам сатылатын буфет қарастырылған.

🔹 3-ші класс:
Ыңғайлы орындықтар, USB/Type-C розеткалары, велосипед тұрағы, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған көтергіштер мен санитарлық аймақ бар. Бұл пойыз инклюзивтілік пен қолжетімділік қағидаттарына сай әзірленген.

Қонақүйге дейін тегін трансфер

Rixos Borovoe қонақ үйінде демалуды жоспарлаған жолаушылар үшін вокзалдан тікелей қонақүйге дейін тегін трансфер ұйымдастырылған. Автобус вокзалға келген пойыз жолаушыларын қарсы алып, еш кідіріссіз демалыс орнына жеткізеді. Бұл — әсіресе балалары бар, үлкен сөмкелері бар немесе алғаш рет саяхаттап отырғантуристер үшін ыңғайлы шешім.

"Burabay Express" жобасы – қала маңындағы бағыттарда қызмет сапасын арттыру, инновацияларды енгізужәне көлікке қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған ұлттық тасымалдаушының маңызды қадамдарының бірі. Вагон паркін жаңарту – компанияның басты стратегиялық басымдығы.

Толық ақпарат: www.railways.kz
Билеттерді: bilet.railways.kz сайтынан сатып алуға болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату