Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Еуропалық саяхатшы қыз Шымкент маңында тап болған қорқынышты оқиға туралы айтып берді

Орталық Азияны жалғыз аралап жүрген еуропалық турист қыз Шымкентке жақын маңда басынан өткерген жағымсыз әрі қорқынышты жағдай жайлы видео жариялады.

Еуропалық саяхатшы қыз Шымкент маңында тап болған қорқынышты оқиға туралы айтып берді
фото: foros.24

Валери есімді саяхатшының айтуынша, алғашында оның шатыр тіккен жеріне ерлі-зайыпты — жылқы иелері келіп, сөйлесіп кеткен. Алайда бірнеше сағаттан соң, түнгі үш шамасында ер адам қайта оралып, бұл жолы жалғыз келген. Сол сәтте Валери оны жағымсыз әрекетке итермелемек болды деп сипаттап, өзі үлкен қауіптен әзер құтылғанын жеткізді.

— Бұл — сапарға шыққалы бері алғаш рет шын мәнінде қатты қорыққан сәтім болды, — дейді ол.

Оқиға жайлы видео YouTube платформасында жарияланған соң, ролик бірден кең тарап, көптеген қазақстандықтар пікір қалдырып, бүкіл ел атынан кешірім сұраған.

Қазір Валери сапарын жалғастырып, Қырғызстанға жеткен. Ол жақта атпен таулы аймақты аралауға кіріскен. Instagram-дағы стористерінде ол былай дейді:

— Қорқытайын деген ниетім жоқ. Бар болғаны шындықты көрсетіп отырмын. Жақсы күн — тәжірибе. Жаман күн — сабақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату