Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақшаңызды онлайн ұрлатып алмаңыз: 6 айда 12 мың адам алданды

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде интернет арқылы жасалатын алаяқтық оқиғалары күрт өскен. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жандос Сүйінбайдың мәлімдеуінше, жарты жылда 11,6 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген.

Ақшаңызды онлайн ұрлатып алмаңыз: 6 айда 12 мың адам алданды
Фото: урюпинская

Олардың басым көпшілігі — нақтырақ айтқанда 3,6 мың жағдай — тауарға алдын ала төлем жасау кезінде тұрғындардың алданып қалуымен байланысты.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 25 миллиард теңгеден асады. Алайда осы уақытқа дейін тек 895 миллион теңге ғана кері қайтарылған.

Бұл цифрлар интернеттегі алаяқтықтың ауқымы мен оның шынайы қауіпін көрсетіп отыр. Мамандар азаматтарға күмәнді сілтемелер мен парақшалардан барынша сақ болуға кеңес береді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату