Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Адам өмірін құтқарған үш қазақстандыққа 1 млн теңгеден беріледі

Шығыс Қазақстан облысынан шыққан үш батыр азамат адам өмірін сақтап қалғаны үшін бір миллион теңгеден алады. Олар «Қазцинк» компаниясы тағайындаған жыл сайынғы «Ізгі жүрек» сыйлығының жеңімпаздары атанды.

Адам өмірін құтқарған үш қазақстандыққа 1 млн теңгеден беріледі
Ыото: ашық дереккөз

Жеңімпаздар халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталды. Ең көп дауыс жинаған — Жанасбек Пермабек есімді әскери қызметкер. Ол Өскеменде суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалған.

Сонымен қатар, марапат иелері қатарында:
– Алмас Әлемес – пышақ ұстаған ер адамды залалсыздандырған студент;
– Ерасыл Омарханов – мұздай өзеннен баланы шығарып, оған алғашқы көмек көрсетіп, қайта тірілтіп қалған.

Салтанатты марапаттау рәсімі 18 шілде күні, Өскеменде өтетін Металлург күніне арналған концерттеұйымдастырылады. Батырларға арнайы мүсінше мен сертификат табысталады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату