Жергілікті биліктің мәліметінше, ең қатты зардап шеккен Керр округінде дүйсенбі күні кешке 84 адамның қаза тапқаны расталды, тағы 11 адам із-түзсіз жоғалған деп саналады.
Басқа бес округте - Травис, Бернетт, Уильямсон, Кендалл және Том Гринде - 20 адамның қайтыс болғаны расталды, 13 адам із-түзсіз жоғалды.
АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, 4 шілдеге қараған түні Керр округінің бір бөлігіне 3-6 сағат ішінде 125-тен 250 мм-ге дейінгі жаңбыр жауды. Орташа алғанда, аймақта шілдеде 50 мм-ден сәл астам жаңбыр жауады, яғни кейбір жерлерде бірнеше сағат ішінде әдетте бір айда жауатын жаңбырдан төрт-бес есе көп жауған.