Бұл — университеттің халықаралық деңгейдегі табысты ынтымақтастығының айқын нәтижесі.
Аталған жетістікке Наурыз айының 4–5 күндері Баку қаласында өткен халықаралық білім беру көрмесі аясында қол жеткізілді. Көрмеге 20-дан астам қазақстандық жоғары оқу орны қатысты. Шара барысында әзербайжандық жастар университеттің және Қазақстанның білім беру бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік алды.
Сол іс-шара аясында университеттің атынан Қарағанды индустриялық университеті Әзербайжанның үш алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнымен — Баку мемлекеттік университеті, Әзербайжан техникалық университеті және Архитектура және құрылыс университетімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер университеттің студенттері мен оқытушыларының алмасуын, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды және мәдени байланыстарды нығайтуды көздейді.
Университеттің басты мақсаты — көпұлтты ортада білім алуға мүмкіндік беретін, даму мен инновацияға негізделген іргелі білім ордасы болу.