Қалалық әкімдік мәліметінше, отшашудың басталуы шамамен сағат 23:00-де жоспарланып отыр. Фейерверк Ботаникалық бақ аумағынан атылады — Open Air мерекелік концерті аяқталған соң басталады.
Әкімдік отшашу демеушілердің қаражатына өткізілетінін хабарлады. Сонымен қатар, Елорда күні аясында қалада 100-ден астам іс-шара өтетіні еске салынды: концерттер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, спорттық жарыстар мен түрлі шоу бағдарламалар ұйымдастырылады.
Айтпақшы, мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, 7 шілде, дүйсенбі — демалыс күніне ауыстырылады. Яғни, алда үш күндік демалыс күтіп тұр.