Бұл шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асуда. Соңғы кезде жолаушылардан кастет, пышақ, таяқ сынды қарулардың жиі табылуына байланысты қолға алынған. Соңғы бес жылда суық қару алып жүргені үшін 92 адам сотталған.
Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 287-бабына сілтеме жасап: егер адам өз еркімен суық қаруды тапсырса және оның әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, деп ескертеді.