Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Ешқашан бітпейді»: Атыраудағы жол жөндеуге қатысты жанжал шықты

Атырау қаласының қақ ортасындағы Азаттық даңғылында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ жол қашан толық жөнделіп бітетіні белгісіз. Бұл жағдайдан шаршаған жергілікті блогердің төзімі таусылып, ол жұмысшыларға тікелей сауал қойды: «Жөндеу қашан аяқталады?»

«Ешқашан бітпейді»: Атыраудағы жол жөндеуге қатысты жанжал шықты
Фото: Egemen

Асфальт төсеп жатқан жұмысшылардың бірінен блогер күтпеген жауап естіді — «Ешқашан». Мұны өзінше "философиялық сабырмен" айтқан жұмысшының жауабы блогердің ашуын тудырды. Әрі қарай әңгіменің аяғы жанжалға ұласып, жол жұмысшысы блогерді мойнынан алып, тұншықтырмақ болған.

Блогер бұл оқиға бойынша полицияға шағым түсіріп, әділ тергеу талап етті. Алайда мердігер ұйым да, әкімдік өкілдері де әзірге ешқандай түсініктеме бермей отыр.

Айта кетейік, Азаттық даңғылындағы жөндеу жұмыстары расымен де қарқынды жүріп жатыр. «ДостықСпецТранс» ЖШС ескі асфальтты қырып, жаңасын төсеп, жиектастар орнатуда. Жол біртіндеп жабылып, бұл қала тұрғындарының наразылығын күшейтіп отыр. Ал жөндеу қашан аяқталатыны жайлы нақты ақпарат жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату