Қымбаттайтын өнімдер мен қызметтер:
- Жаздың ортасы ел өмірінде бірқатар жаңалықтармен басталмақ. Жаңа айда кейбір қызмет түрлері мен тауарлар қымбаттайды, кейбірі арзандайды. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бірқатар заңнамалық өзгерістер күшіне енеді.ді.
Арзандайтындар:
- 6 мыңнан астам дәрі-дәрмек түрі арзандайды. Бұл қатарда жүрек, қысым, асқазан, аллергияға қарсы препараттар, антибиотиктер мен дәрумендер бар.
- Импорттық дәрілерге салынатын кедендік, тасымал және маркетингтік үстемелер алынып тасталады.
- Медициналық қызметтерге қосылатын ҚҚС (НДС) алынып тасталады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде дәрі-дәрмектің бағасы 30%-ға дейін төмендейді.
Емханалар мен емделуші тіркеуі:
- Азаматтар емханаға тек тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеледі.
- Әр адамның тұрақты дәрігері болады.
- Емделу тарихы электронды жүйеде сақталады.
- Қосымша төлемдер мен артық анықтама талаптары азаяды.
Қаржы саласы:
- Банктер мен Қазпошта шоттар туралы деректерді Ұлттық банкке жолдайды.
- Бұл мәліметтер шифрланған түрде беріледі, қажет жағдайда ЖСН арқылы сұратуға мүмкіндік бар.
Тұрғын үй және ипотека:
Құқық қорғау саласындағы қызметкерлер (полиция, әскери қызметкерлер және т.б.) 20 жыл қызмет атқарғаннан кейін алған баспанасын тегін жекешелендіре алады.
Үкімет төлем жасайтын тұрғын үйдің аумағы 90 м²-ден аспауы тиіс.
Бұл талаптар 1 шілдеден кейін жұмысқа кіретіндерге ғана қолданылады.
Балабақша жүйесінде өзгеріс:
Бұрын мемлекет тікелей қаржы бөлсе, енді әр балаға ваучер беріледі.
Ата-ана ваучермен мемлекеттік не жекеменшік балабақшаны өзі таңдайды.
Бұл жүйе бәсекені арттырып, қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Сот жүйесіндегі жаңалықтар:
Кассациялық сотқа бірден арыз беруге болады.
Судья қателік жіберсе, тек ескерту емес, нақты жаза тағайындалады.
Апелляциялық шешім сол күні-ақ заңды күшіне енеді.
Балаға кім заңды өкіл бола алады:
Бұдан былай ата-ана ғана емес, сондай-ақ қамқоршы, асырап алушы және патронат тәрбиешілер дебаланың заңды өкілі ретінде танылады.
Бұл баланың құқығын қорғау үдерісін жеңілдетеді.
Ресейге бару тәртібі күшейеді:
Электронды өтінішті сапарға 72 сағат қалғанда жолдау қажет.
Шұғыл жағдай болса — 4 сағат бұрын.
Шекарадан өтерде саусақ ізі мен фотосурет тапсыру міндеттеледі (бұрын бұл тек Мәскеуде болса, енді бүкіл ел бойынша енгізіледі).
Жаңа рейстер ашылады:
Петропавл – Шарм-эль-Шейх бағыты 2 шілдеден бастап.
Шымкент – Сиань бағыты аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі.
Шымкент – Үрімші – сейсенбі және жұма күндері, 4 шілдеден бастап.