Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шілде айында бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 700 млн доллар сатылмақ

Маусымда Ұлттық банк валюта нарығында 800 млн доллар сатқанымен, теңге бағамы 1,7 пайызға әлсіреді.

Шілде айында бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 700 млн доллар сатылмақ
Фото: ашық дереккөз

Шілде айында Ұлттық қордан тағы 600–700 млн доллар сату жоспарланып отыр. Бұл қаражат республикалық бюджетке берілетін трансферттерді өтеуге бағытталады. Маусым айының қорытындысы бойынша, реттеуші 800 млн доллар сатқан. Бұл – валюта нарығындағы жалпы сауда көлемінің (4,7 млрд доллар) шамамен 17 пайызы.

Соған қарамастан, маусымда теңге бағамы 510,82-ден 519,73-ке дейін құлдырап, 1,7 пайызға төмендеді. Ұлттық банк бұл аралықта тікелей интервенция жасаған жоқ. Алайда квазимемлекеттік сектордың міндетті валюта сатылымы аясында нарыққа шамамен 322 млн доллар түсті.

Айта кетейік, бұған дейін, мамыр айында да Ұлттық қордан 988 млн доллар сатылған еді. Ол кезде, керісінше, теңге сәл нығайған болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату