Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әйгерім Алтынбек атақты Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті

2025 жылдың 27–28 маусымында Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті. Концерт «Andrea Bocelli Live in Concert» атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әйгерім Алтынбек атақты Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті
Фото: видеодан кадр

Андреа Бочеллидің концерттерінде дәстүрлі түрде әлемге әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Италиялық маэстро осы жолы Қазақстанның опера әншісі Әйгерім Алтынбекпен бір сахнаға шығып, дуэт орындады.

Бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға болды.

Айта кетейік, 25 маусымда Әйгерім Алтынбек Астанада әлемге танымал тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсеткен еді.

Өнерпаздардың кәсіби шеберлігі мен зор дауысы сол кеште де көрерменді бей-жай қалдырмады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату