Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Онлайн жиналыстар өнімділігіңізді құртатыны дәлелденді

Microsoft компаниясы жүргізген жаңа зерттеу адамдардың ең өнімді уақыты — маңдай термен жұмыс істеуге ең қолайлы сәттері — бос әрі нәтижесіз кездесулерге жұмсалатынын анықтады.

Онлайн жиналыстар өнімділігіңізді құртатыны дәлелденді
Фото: РБК

Сағат таңғы 9 бен 11-дің, сондай-ақ түстен кейінгі 13:00–15:00 аралығы — адам миы барынша сергек, жұмысқа шоғырлануға дайын уақыт. Бірақ дәл осы мезетте бүкіл әлем бойынша бейнеконференциялар, жиындар, жиналыстар өтеді екен. Нәтижесінде адам жұмысқа ден қоя алмай, үнемі бір қоңыраудан екіншісіне секіріп, күні бойы шашыраңқы күйде жүреді. Статистика бойынша, бейнеқоңыраулардың 50 пайыздан астамы осы уақытқа тура келеді.

Зерттеуде тағы бір қызықты мәлімет айтылады: аптадағы ең көп жиналыс өтетін күн — сейсенбі. Сондықтан бұл күнді «ең тұншықтырғыш» деп атауға толық негіз бар.

 Не істеу керек?
Мамандар өнімділікті көтеру үшін маңызды емес кездесулерді басқа уақытқа ысыруды ұсынады. Әйтпесе, «жиыннан жиынға» көшіп жүріп, шынайы жұмыстан қашып, еріксіз Reels парақтап кетесіз.

Кеңес:
Эксперимент ретінде жиналыстарды басқа уақытқа белгілеп көріңіз. Командаңыздың тиімділігі қалай өзгеретінін байқаңыз. Не болмаса, сейсенбіге "жиналыссыз күн" жариялап көріңіз.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату